Америкалық Макс Парк Рубик кубигін жылдам құрастырудан әлем рекордын жаңартты. Ол 3×3x3 диагоналындағы кубикті бар болғаны 3,13 секундта құрап шықты.
Рекорд жаңарған сәт Макс Парктің YouTube желісіндегі парақшасында жарияланды. Ал рекордты жаңартар алдында басқа кубикпен жаттығып, сондай-ақ құрастыратын кубигін алдын ала зерттеп алады. Нәтижесінде санаулы секундта-ақ рекорд жаңартты.
Бұған дейін 3×3x3 диагоналындағы Рубик кубигі бойынша рекорд қытайлық Ду Юйшэнге тиесілі болатын. Ол 2018 жылы бұл кубикті 3,47 секундта құрастырған еді.
![]()
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!