Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (16-0) америкалық Джефф Нилге (15-4) қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесу 14 қаңтарда Лас-Вегастағы UFC Fight Night 217 турнирінде өтуі керек еді.
Нил жарақатына байланысты сегізбұрышқа шыға алмайды.
UFC Шавкатқа жаңа қарсылас іздеп жатыр. Осы тұста америкалық Брайан Барберена қазақстандық файтерді жекпе-жекке шақырды. Ол аралық салмақта төбелесуді ұсынды.
"Нил шықпайтын болды. Біз бұрын қысқа мерзімде төбелесуіміз керек еді. Ешкім сенімен төбелескісі келмейді. Сайтан алғыр! 180 фунтта шығайық, сонда кездесейік!" - деп жазды Барберена әлеуметтік желіде.
Шавкат ұсынысын қабылдады: "Неге шықпасқа, фанаттар үшін жасайық".
Барберена кейінгі жекпе-жегін 3 желтоқсанда өткізіп, бразилиялық Рафаэль Дос Аньостан жеңіліп қалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!