Америкалық белгілі боксшы Райан Гарсия (24–2, 20 KO) орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17–0, 12 KO) допинг-сынамасының нәтижесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Тегі мексикалық боксшы 32 жастағы Жыланды тумасы тыйым салынған заттарды әдейі қолданбай, ол Жәнібектің ағзасына тағамдық қоспалар арқылы түсіп кетуі мүмкін деген болжам айтты.
"Мен бұл туралы нақты дәйекпен айта аламын деп ойлаймын, өйткені өзімнің де бір кездері допинг-сынамам жағымсыз нәтиже берген. Бірақ өмірімде допинг қабылдаған емеспін. Тағамдық қоспалардың ластануы - үлкен мәселе. Бұл дәл сондай жағдай ма, білмеймін, алайда, Сабриэль Матиаспен де осылай болғанына сенімдімін. Остарин - ең көп кездесетін сапасыз қоспалардың бірі", - деді Гарсия InsideRing шоуының эфирінде.
Еске салайық, 6 желтоқсанда Сан-Антониода (АҚШ) қазақстандық боксшы кәсіпқой карьерасындағы ең маңызды жекпе-жектердің бірін өткізуге бір қадам қалып еді. Ол орта салмақта WBA чемпионы Эрисланди Ларамен (31–3–3, 19 KO) чемпиондық белбеулерді біріктіретін айқас өткізу керек болатын. Алайда көптен күткен кездесу өтпей қалды: Жәнібек Әлімханұлы допинг-бақылаудан өте алмай, жекпе-жек кешінің кардынан шұғыл түрде алынып тасталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!