Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұл жиын қазақстандық боксшылар үшін Әлем кубогының екінші кезеңі алдындағы соңғы дайындық кезеңі болмақ.
Бұл жиынға 19 елдің ұлттық құрамалары қатысады. Олардың ішінде АҚШ, Канада, Бразилия, Өзбекстан, Италия, Франция, Оңтүстік Корея елінің боксшылары бар.
Қазақстан атынан Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Элина Базарова, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Лаура Есенгелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова қатысып жатыр.
Айта кетейік, Әлем кубогының екінші кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында 15-21 маусым аралығында өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова