Алуа Балқыбекова әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 51 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Мун Каенмен қолғап түйістірді.

Алуа Балқыбекова бірінші раундтан-ақ қарсыласын қыспаққа алды. Екінші үш минуттықта да отандасымыз басым болды. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңді.

Енді Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget