Алтын үшін айқас: сегіз боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы Азия чемпионатының финалына шықты. Осылайша Қазақстан Үндістан құрамасымен (8 боксшы) бірге көш бастап тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы жекпе-жек 9 сәуірде, ал ерлер арасындағы жекпе-жек 10 сәуірде өтеді. 

Әйелдер:

  • 70 келіге дейін: Бақыт Сейдіш - Арундхати Чаудхари (Үндістан)
  • 80 келіге дейін: Надежда Рябец - Рухшона Парпиева (Өзбекстан)
  • 80 келіден жоғары: Дина Исламбекова - Алфия Патхан (Үндістан)

Ерлер:

  • 60 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов - Сачин (Үндістан)
  • 70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан - Зеяд Ишаиш (Иордания)
  • 75 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов - Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан)
  • 85 келіге дейін: Нұрбек Оралбай - Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)
  • 90 келіден жоғары: Айбек Оралбай - Байикевузи Данабике (Қытай)

Айта кетейік, сары құрлық біріншілігінде Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келігетдейін), Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) және Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз