Германия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Лотар Маттеус 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алуға басты фаворит деп санайтын футболшыны атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Менің ойымша, басымдық Усман Дембеледе. Ол ПСЖ сапында тағы да чемпиондар лигасын жеңіп алды. Килиан Мбаппе әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды, бірақ "Реалмен" ешқандай трофей жеңген жоқ. "Алтын допты" оған беріп жатса, таңғаларым анық. Майкл Олисе "Бавария" сапында тамаша маусым өткізді. Олисе мен Бундеслиганың үздік сұрмергені Харри Кейн "Бавариямен" бірге "алтын дубль" жасады. Сонымен қатар, екеуі де әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті", - деді ол.
Айта кетейік, 2026 жылы 26 қазанда Лондонда кезекті "Алтын доп" марапатын табыстау рәсімі өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!