Германия құрамасының бұрынғы ойыншысы Томас Мюллер 2026 жылғы "Алтын допты" иеленуге басты үміткер екі футболшыны атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол франциялық екі ойыншы, яғни мюнхендік "Бавария" клубының вингері Майкл Олисе мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппені ерекше атады.
Қазір "Ванкувер Уайткэпс" сапында өнер көрсетіп жүрген Томас Мюллердің пікірінше, беделді жеке марапат Олисе немесе Мбаппеге берілуі керек.
"Екеуі де шеберлігі мен күшінің арқасында тиімді ойнайды. Әлемнің үздік ойыншысы деген түсінік дәл осы қасиеттерден қалыптасады", - деді Томас Мюллер.
Айта кетейік, 2026 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" иегері 26 қазанда Лондонда өтетін марапаттау рәсімінде анықталады. Қазіргі "Алтын доп" иегері - франциялық Усман Дембеле.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова