“Алтын допқа“ басты үміткерлердің есімі жарияланды

“Алтын допқа“ басты үміткерлердің есімі жарияланды
Фото: ferdel99/depositphotos.com

Vanguard басылымы 2026 жылдың қорытындысы бойынша футболдағы ең беделді жүлде - "Алтын допқа" басты үміткерлердің бестігін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші орынға "Барселонаның" жартылай қорғаушысы әрі Испания құрамасының капитаны Родри Эрнандес жайғасты. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанған болатын.

Екінші орында Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн тұр. Үшінші фаворит ретінде "Барселонаның" тағы бір ойыншысы, 18 жастағы Ламин Ямаль аталды. 

Төртінші орында Франция құрамасы және мадридтік "Реалдың" көшбасшысы Килиан Мбаппе тұр.

Бестікті "Интер Майами" шабуылшысы әрі Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси түйіндеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget