“Алтын допқа“ басты үміткер аталды

“Алтын допқа“ басты үміткер аталды
Фото: ferdel99/depositphotos.com

"Бавария" клубының президенті Герберт Хайнер мюнхендік команданың шабуылшысы әрі Англия құрамасының капитаны Харри Кейнді "Алтын доп" жүлдесіне басты үміткер ретінде атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Бавария" президентінің пікірінше, Харри Кейн нәтижелі өнер көрсетіп, командасына ұлттық трофейлерді жеңіп алуға көмектескен.

"Харри Кейн Бундеслигада, Германия чемпионатында және чемпиондар лигасында 60 гол соқты, Германия чемпионы атанды, Германия кубогін жеңіп алды, чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті және әлем чемпионатында өте жақсы өнер көрсетті", - деді ол.

Айта кетейік, Харри Кейн 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесіне үміткер 30 футболшының қатарына ресми түрде енді. Бұл жүлдені табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget