Француздың L'Equipe журналы ресми сайтында үздік футболшыны анықтау және "Алтын допты" беру тәртібіне өзгерістер енгізді.
Енді бұл сыйлық жылдың емес, маусымның үздік ойыншысы мен әйел ойыншысына беріледі. Осылайша, 2022 жылы "Алтын доп" осы маусымдағы барлық жарыстардың қорытындысы бойынша қыркүйек немесе қазан айларында беріледі.
"Челси" сапында АПЛ мен Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған Дидье Дрогба ұйымдастыру комитетінің шорт-листіне енетін болады.
Үздік ойыншыны анықтайтын қазылар алқасының құрамы 170-тен 100 адамға дейін қысқарады.
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) рейтингіндегі үздік 100 елдің өкілдері ғана дауыс беру құқығына ие болады.