Әлімханұлының тарихи жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) қатысатын бокс кешінің толық карды ресми түрде жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) кездеседі. Жекпе-жек барысында үш чемпиондық атақ сарапқа салынады.

Кездесу 6 желтоқсанда (Астана уақытымен 7 желтоқсанда таңертең) АҚШ-тың Техас штаты Сан-Антонио қаласында өтеді.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!