Әлімханұлының келесі қарсыласы кім болатыны айтылды

Әлімханұлының келесі қарсыласы кім болатыны айтылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) келесі қарсыласы болуы мүмкін боксшының есімі аталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол WBA рейтингінің көшбасшысы, кубалық Йоэнли Эрнандес (8-0, 7 KO) болуы мүмкін. 27 жастағы боксшы кәсіпқой рингте көп айқаспағанымен, өз салмағында кез келген боксшыға қауіпті қарсылас ретінде танылып үлгерген. Сонымен қатар, ол орта дивизион рейтингінде жоғары орындарға ие.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от The girl with all the ringside action. 📸🥊 (@ringsidesnaps)

Оның промоутері Луис Де Кубас Әлімханұлымен жекпе-жек ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтты. Эрнандестің командасы жақын арада WBO басшысы Густаво Оливьеримен кездеспек, ал қазақстандық - осы ұйымның чемпионы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget