Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) америкалық Теренс Кроуфордқа (41-0, 31 KO) қолдау білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
4 мамырға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде мексикалық Сауль "Канело" Альварес (63-2-2, 39 KO) кубалық Уильям Скуллды (23-1, 9 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, IBF белбеуін алып, екінші орта салмақта қайтадан абсолют чемпион атанды.
"Сәттілік", – деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кроуфорд пен Канело арасындағы жекпе-жек 2025 жылғы 12 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Бұл айқас TKO Boxing атты жаңа промоушеннің алғашқы шоуы болады.
Сарапшылар мен жанкүйерлер бұл кездесуді жылдың басты оқиғасы деп бағалап отыр.
Айта кетейік, Теренс Кроуфорд екі салмақта абсолют чемпион болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова