Германиялық боксшы Винченцо Гуалтьери орта салмақта IBF чемпионы атанды. Бұған дейін бұл белбеу Геннадий Головкинде еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бос қалған титул үшін айқаста Гуалтьери төрешілер шешімімен бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңді.
Жәнібек Әлімханұлы енді жаңа чемпионды жекпе-жекке шақырды.
"Винченцо Гуалтьери, жеңісіңмен құттықтаймын. Менің клубыма қош келдің. Менің чемпиондар клубыма. Жекпе-жекке шығайық. WBO тұжырымынша әлем чемпионымен IBF бойынша әлем чемпионы", - деп жазыпты Жәнібек Instagram желісінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!