Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы қазақстандық өзге боксшы Геннадий Головкиннің IBF белбеуінен бас тартқаны жайлы ақпараттан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Орта салмақта бір белбеу босады делік. Маған ол керек. Жуырда барлық титулды жинап аламын!" - деп жазыпты Жәнібек Twitter желісінде.
Еске салайық, кеше Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF белбеуінен бас тартқаны туралы хабар тараған болатын. Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини айтты.
"GGG IBF титулынан бас тартты. Бұл қалай, Фалькао?", - деп жазыпты Уилсон әлеуметтік желіде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!