Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) тек жұлдыз боксшылармен айқасқысы келеді, сол үшін WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминикандық Карлос Адамеспен (22-1, 17 КО) жекпе-жектен бас тартты. Бокс туралы Ez RAW Boxing подкасты осындай тұжырым жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Жани жұлдызбен айқасқысы келеді. Адамес жақсы боксшы, бірақ аты соншалық шықпаған. Жани жеңіске жетеді, алайда одан танымалдылығы артпайды", - деп жазыпты подкаст твиттер желісінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!