Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) және канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Боксшылар соңғы ресми баспасөз мәслихатында кездесті. Енді, 14 мамырда Қазақстан уақытымен таңертең боксшылар Калифорниядағы Сктоктон қаласында жекпе-жекке шығады.
Еске салайық, бұл кездесу 12 раундқа есептелген. Қазақстандық чемпион титулын екінші рет қорғайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!