Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы өтеді

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы өтеді
Фото: ҰОК

7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир - Денис Тен мемориалы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады.

Жарыс аясында жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жеке сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады. 

Айта кетейік, бұл турнир Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында өшпес із қалдырған Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget