12-17 мамыр аралығында Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ден аса балуан жүлдеге таласады.
Бұл турнирге халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да қатысады. Бәсекенің негізгі мақсаты - алда өтетін ірі халықаралық додаларға ұлттық құраманы жасақтау.
Алғашқы медальдар грек-рим күресінен сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді еркін күрес балуандары аяқтайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова