Massaget.kz, Tengrinews.kz және Vesti.kz сайттарынан құралған Effective Media Liaison командасы футболдан бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткен Алматы чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл жарысқа сегіз команда қатысып, ойын айналма жүйемен өткізілді. Турнир кезінде EML құрамасы төрт рет жеңіске жетті, екі рет тең ойнады және бір ғана рет осы жарыстың чемпионы атанған Prosports командасына есе жіберді. 365info сайтының командасы да жарысты дәл осындай көрсеткішпен аяқтады. Ал екі команда 4:4 есебімен өзара тең түсіп, осыған байланысты ұйымдастырушылар екінші орынды бірден екі командаға беру туралы шешім қабылдады. Чемпионаттың қола жүлдесі "Алматы" арнасына бұйырды.
Сонымен қатар, жарысқа қатысқандар арасында "Алматы" арнасының екінші командасы, КТК, Қазақстан арнасы және "Неделя Спорта" басылымының құрамалары болды.