Алматыда "Алматы" атауымен жаңа кәсіби футбол клубын құру жоспарланып отыр. Команда Қазақстан футбол федерациясына Екінші лигада өнер көрсету үшін өтінім берген, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Amanvibe.kz мәліметінше, жаңа клубтың құрамы негізінен бұған дейін Бірінші лигада ойнаған тәжірибелі футболшылардан жасақталмақ. Сонымен қатар командаға QJ League жасөспірімдер лигасында көзге түскен талантты ойыншыларды тарту жоспарланған.
Клуб басшылығы алғашқы маусымнан-ақ жоғары нәтиже көрсетуді көздеп отыр. Команда алдына Екінші лигада жеңіске жетіп, Бірінші лигаға жолдама алу міндеті қойылмақ.
Ақпаратқа сәйкес, "Алматы" футбол клубы толықтай жеке жоба ретінде жұмыс істейді. Команданы мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру қарастырылмаған.
Әзірге клубтың құрамы, жаттықтырушылар штабы және үй матчтарын өткізетін стадионы туралы толық мәлімет жарияланған жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!