- Негізгі бет
- Спорт
- Алматыда бірінші түнгі...
Алматыда бірінші түнгі велошеру өтеді
Фото:
vk.com
Шілденің 14-і күні алып шаһарда осы жылғы бірінші түнгі велошеру өтеді.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін велошерудің қашықтығы 7 шақырымды құрайды. Кез келген қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналып, спорттық шара 20:30-да бастайды.
Әуесқойлар Әл-Фараби даңғылымен көтеріліп, Тұңғыш Президенті саябағында мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық – велосипед.
Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.
Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің оныншысы болып саналады.
А. Оралқызы