- Негізгі бет
- Спорт
- Алматыда алғаш рет...
Алматыда алғаш рет баскетболдан Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңі өтті
Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында алғашқы рет баскетболдан ерлер арасындағы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңі өтті.
Қазақстан ұлттық құрамасы F тобында өздерінен бір ұпай қалып жатқан Жапония құрамасына қарсы ойнады. Бұл тартысқа толы өткен кездесуде 85:70 есебімен қонақтар жеңіске жетіп, екі ұпайға ие болды. Осылайша, турнир кестесінде жапондықтар біздің ойыншыларды қуып жетіп, бірдей 10 ұпаймен 4-ші орынды бөлісіп тұр.
Енді отандастарымыз топтық кезең аясында Аустралия, Филиппин ұлттық құрамаларымен кездесіп, қараша айында Жапонияға қарымта ойын өткізуге аттанады.
"Біз өте лайықты ойын көрсеттік. Жапония командасы бізден басымырақ болды, оны мойындау керек. Олардың жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр. Біздің құрамада жаңа ойыншылар болған соң, сәл батылдық жетіспеген секілді. Бірақ біздің жігіттер тырысты. Енді алда басқа ойындар күтіп тұр, дайындалып, жеңіске жетеміз деп ойлаймын", – деді Қазақстан құрамасының капитаны Рүстам Ерғали.
Айта кетер жайт, бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша, Қазақстан құрамасы Ренатас Курилионакас жас бапкердің жетекшілігімен, D тобында екінші орынды иелеп, бұл ретте 9 ұпай жинап, Азиялық квалификацияның екінші кезеңіне өтті.
Баскетболдан Әлем чемпионаты 2019 жылы тамыздың 31-і және қыркүйектің 15-і аралығында Қытайда өтетін болады.
А. Оралқызы