Алматы полициясы "Қайрат" - "Реал" матчі алдында маңызды мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Матч ертең, 30 қыркүйекте өтеді. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қоғамдық тәртіпті күзетуге 2,5 мыңнан аса қызметкер тартылады.
Олардың негізгі міндеттері - жанкүйерлер мен ойынға қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ, жол қозғалысын реттеу.
"Ертең қаламызда "Қайрат" - "Реал Мадрид" арасындағы халықаралық футбол матчі өтіп, Алматы үлкен оқиғаның ордасына айналады. Біз әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлерді көргенімізге қуаныштымыз. Бұл - біз үшін спорт мерекесі ғана емес, Алматының шынайы келбетін көрсетуге үлкен мүмкіндік", - деді Алматы ПД Жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова