Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Алматбек Аманбек Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ол 72 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде ирандық Мұхаммад Джавад Резаимен күш сынасты.

Алматбек Аманбек ақтық сында мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Ербол Камалиев қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget