Қазақстандық балуан Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында бірінші кездесуін сәтті өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Хорватия өкілі Павел Пуклавецпен белдесті.
Бірінші кезең хорватиялық балуанның пайдасына аяқталды. Дегенмен екінші үш минуттықта Алматбек сәтті әдіс жасап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz