"Әли немесе Тайсон?" Рахмонов үздік боксшысын атады

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов "MMA Вестник" басылымына берген сұхбатында спортқа кім шабыттандыратынын айтты. Бұл сұрақ Рахмоновтың Naiza 46 MMA турнирінде танымал боксшы Мұхаммед Әлидің суреті бар жейде кигеніне байланысты туындаған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық файтер әлем тарихында қалған Мұхаммед Әли қалай шабыттандыратынын айтты.

"Өзіне деген сенімімен шабыттандырады. Бала кезімде оның жекпе-жегін қарайтынмын. Ол маған боксшы ретінде ұнады, сөйлегені ұнайтын. Бұл бокста трэшток бастаған алғашқы адам шығар", - деді Рахмонов.

Сондай-ақ, спортшы өзіне кімнен көбірек шабыт алатынын айтты.

"Маған Тайсонның стилі көбірек ұнайды", - деп жауап қайтарды файтер.

Еске салайық, кейінгі жекпе-жекте Рахмонов америкалық Нил Магниді жеңді. Қазір UFC жартылай орта салмақ рейтингінде Рахмонов оныншы, ал оның болашақ қарсыласы алтыншы орында тұр. 15 қаңтарда Лас-Вегаста Рахмонов америкалық Джефф Нилмен (15-4) жұдырықтасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!