Чэндуда (Қытай) өтіп жатқан Бүкіләлемдік Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Оны 46 килоға дейінгі салмақтағы таеквондошымыз Рита Бакишева жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы финалда Қытайлық Тайпейден келген қарсыласы Хуань Инь Суаньнан айласын асырды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 11 медаль бар. Оның 5-і күміс болса, 5-і қола жүлде. Универсиада ойындары 8 тамызға дейін жалғасады. Отандастарымыз 10 спорт түрінен бақ сынауда.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!