Әлемдегі ең үздік шабуылшылардың рейтингі жарияланды

Әлемдегі ең үздік шабуылшылардың рейтингі жарияланды
Фото: depositphotos.com/mrogowski_photography

Кәсіби футболшылар қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (FIFPro) өткен маусымдағы әлемнің үздік шабуылшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Дауыс беруге әлемнің түкпір-түкпірінен 19 806 футболшы қатысты. Нәтижесінде мадридтік "Реал" мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе бірінші орын алды.

Екінші орынға "Барселона" мен Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль жайғасты. Үздік үштікті "Интер Майами" сапында өнер көрсететін аргентиналық Лионель Месси түйіндеді.

Жуырда "Алтын доп" иегері атанған "Баварияның" ағылшын шабуылшысы Харри Кейн рейтингте бесінші орын алды.

FIFPro нұсқасы бойынша әлемнің үздік 10 шабуылшысы:

  1. Килиан Мбаппе — "Реал Мадрид", Франция;
  2. Ламин Ямаль — "Барселона", Испания;
  3. Лионель Месси — "Интер Майами", Аргентина;
  4. Эрлинг Холанд — "Манчестер Сити", Норвегия;
  5. Харри Кейн — "Бавария", Англия;
  6. Майкл Олисе — "Бавария", Франция;
  7. Хвича Кварацхелия — ПСЖ, Грузия;
  8. Криштиану Роналду — "Әл-Наср", Португалия;
  9. Усман Дембеле — ПСЖ, Франция;
  10. Рафинья — "Барселона", Бразилия.

Бұған дейін FIFPro жылдың символикалық құрамын жариялаған еді. Аталған тізімге Харри Кейн мен Криштиану Роналду енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget