Әлемдегі ең мықты орталық шабуылшы таңдалды

ESPN әлемдегі үздік орталық шабуылшылардың рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Тізімнің бірінші орнына "Бавария" шабуылшысы Харри Кейн жайғасты. Англиялық футболшы - "Алтын допты" да жеңіп алуға басты үміткерлердің бірі.

Екінші орын "Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппеге бұйырды. Үздік үштікті "Манчестер Сити" сапында өнер көрсететін Эрлинг Холанд түйіндеді.

Үздік ондықта Усман Дембеле, Хулиан Альварес, Лаутаро Мартинес, Кай Хаверц, Жоау Педро, Виктор Осимхен және Уго Экитике тұр.

Айта кетейік, қазіргі "Алтын доп" иегері - Усман Дембеле.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз