Әлемдегі ең қымбат футболшы жаңа келісімшартқа қол қойды

Бразилиялық шабуылшы Неймар "Сантос" клубымен келісімін ресми түрде ұзартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Неймар кәсіби футболдағы мансабын осы клубта бастаған. Кейін Еуропа асқан еді. Шабуылшының командамен келісімі 2025 жылғы жазға дейін жасалған болатын. Одан кейін тағы ұзарту жайы да қарастырылған. 

Ол бұл команда сапында 2009 жылы дебют жасап, бірнеше жыл ішінде бразилиялық футболдың басты жұлдыздарының біріне айналды. Кейін "Барселона" клубына ауысты.

Сондай-ақ, Неймар Францияның "Пари Сен-Жермен" және Сауд Арабиясының "Аль-Хиляль" клубтарында да өнер көрсетті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз