Brand Finance аналитикалық платформасы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде мадридтік "Реал" көш бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Испаниялық алпауыттың бренд құны 2,36 миллиард еуроға бағаланған. Екінші орында 1,94 миллиард еуроға бағаланған каталониялық "Барселона" тұр. Үздік үштікті Чемпиондар лигасының қазіргі финалисі әрі Англия премьер-лигасының (АПЛ) қазіргі чемпионы лондондық "Арсенал" (1,51 миллиард еуро) түйіндеді.
Ең қымбат футбол клубтарының ТОП-10 рейтингі:
- "Реал" - 2,36 миллиард еуро
- "Барселона" - 1,94 миллиард еуро
- "Арсенал" - 1,51 миллиард еуро
- "Бавария" - 1,49 миллиард еуро
- "Пари Сен-Жермен" - 1,48 миллиард еуро
- "Манчестер Сити" - 1,46 миллиард еуро
- "Ливерпуль" - 1,45 миллиард еуро
- "Манчестер Юнайтед" - 1,42 миллиард еуро
- "Челси" - 941 миллион еуро
- "Боруссия" - 654 миллион еуро
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова