Бокстан Қазақстан құрамасы Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) өтіп жатқан Әлем кубогының бірінші кезеңінде финалға жолдама алу үшін бақ сынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні бокстан Әлем кубогының бірінші кезеңінің алтыншы жарыс күні өтеді. Қазақстан құрамасының боксшылары турнирдің финалына шығу үшін жекпе-жек өткізеді.
Бұл күні ұлттық құраманың 6 боксшысы шаршы алаңға шығады: күндізгі және кешкі сессияларда үш-үштен өнер көрсетеді.
80 келіге дейін (әйелдер): Жібек Жарасқызы - Эмилия Котерска (Польша), жартылай финал, 5-жұп (А рингі);
85 келіге дейін (ерлер): Сұлтанбек Айбарұлы - Валериж Уолтер (Германия), жартылай финал, 9-жұп (А рингі);
60 келіге дейін (әйелдер): Виктория Графеева - Анета Элзивета Рыгельска (Польша), жартылай финал, 3-жұп (B рингі).
65 келіге дейін (әйелдер): Аида Әбікеева - Ошин Дирию (Бельгия), жартылай финал, 3-жұп (А рингі);
51 келіге дейін (әйелдер): Алуа Балқыбекова - Ксиню Ки (Қытай), жартылай финал, 1-жұп (В рингі);
80 келіге дейін (ерлер): Диас Молжігітов - Вандерлей Перейра (Бразилия), жартылай финал, 8-жұп (В рингі).
Бокстан Әлем кубогы кезеңіндегі жекпе-жектердің тікелей эфирін Бразилия бокс федерациясының YouTube арнасынан көруге болады.
Айта кетейік, күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00-де, ал кешкі сессия 26 сәуірге қараған түні сағат 01:00-де басталады.