Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Баку қаласында (Әзербайжан) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ұлттық құрама ерлер арасында өтетін сайыста бақ сынайды.
Данил Мусабаев, Роман Барков, Никита Тумаков және Ерлан Тасмағамбетов ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңі 21-22 ақпан аралығында өтеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!