20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының бірінші кезеңі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00-де, ал кешкі сессия 01:00-де басталады.
Ерлер
- 50 келі. 1/8 финал: Даниал Сабит - Иштван Шзака (Венгрия)
- 55 келі. 1/16 финал: Бағлан Кенжебек - Жирайр Саргсиян (Армения)
- 60 келі. 1/16 финал: Жансері Көшербаев - Джуд Галлахер (Ирландия)
- 65 келі. 1/16 финал: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Хассен Атиа (Тунис)
- 70 келі. 1/16 финал: Фарух Тоқтасынов - Джон МакКоннел (Ирландия). 1/8 финалда әлем чемпионы Севон Оказавамен кездесуі мүмкін.
- 75 келі. 1/4 финал: Санжарәлі Бегалиев - Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан)
- 80 келі. 1/16 финал: Диас Молжігітов - Кай Ториабе (Жапония)
- 85 келі. 1/4 финал: Сұлтан Айбарұлы - Паоло Карусо (Италия)
- 90 келі. 1/8 финал: Дәулет Төлемісов - Фильо Исайас (Бразилия)
Әйелдер
- 51 келі. Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Михаела Бадеску - Златислава Чуканова (Болгария) жұбының жеңімпазымен жолығады.
- 54 келі. 1/16 финал: Назым Қызайбай - Айсен Таскин (Түркия)
- 60 келі. 1/8 финал: Виктория Графеева - Емили Рзаева (Әзербайжан)
- 65 келі. Аида Әбікеева 1/8 финалда Виктория Жилкова (Чехия) - Мезморизе Андерсон жұбының жеңімпазымен жолығады.
- 70 келі. Наталья Богданова 1/8 финалда Бусеназ Сюрменели (Түркия) - Чиара Сарайелло (Италия) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
- 80 келі. 1/2 финал: Жібек Жарасқызы - Емилиа Котерска (Польша)
- +80 келі. Финал: Валерия Аксенова - София Шира (Венгрия)
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова