Әлем кубогы: алғашқы кезеңге қатысатын спортшылар белгілі болды

Әлем кубогы: алғашқы кезеңге қатысатын спортшылар белгілі болды
Фото: ҰОК

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыс маусымын Германияның Котбус қаласында өтетін Әлем кубогынан бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұл жарыс 19-22 ақпан аралығында өтеді. Ал Қазақстан атынан бес гимнаст өнер көрсетеді:

  • Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар)
  • Милад Карими (керме, еркін жаттығулар)
  • Дмитрий Патанин (сақина, қоссырық, еркін жаттығулар)
  • Диас Тойшыбек (қоссырық және кермедегі жаттығулар)
  • Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар)

Турнир қарсаңында команда Котбус қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 8 ақпанда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget