Әлем кубогінде рингке бүгін Оралбайлар шығады

Әлем кубогінде рингке бүгін Оралбайлар шығады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

1 шілде - Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогі кезеңінің екінші жарыс күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасынан рингке бірден алты боксшы шығады.

Күндізгі сессия (14:00-де басталады):

  • 54 кг: Әнел Сақыш - Феруза Казакова (Өзбекстан)
  • 55 кг: Махмұт Сабырхан - Шин Чжэен (Корея)
  • 80 кг: Нұрбек Оралбай - Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан)

Кешкі сессия (19:00-де басталады):

  • 60 кг: Серік Теміржанов - Джейкоб Кассар (Аустралия)
  • 75 кг: Надежда Рябец - Дос Сантос Перейра Вивиане (Бразилия)
  • +90 кг: Айбек Оралбай - Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)

Барлық жекпе-жекті Qazsport арнасы мен арнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.

Еске салайық, Астанадағы Әлем кубогі 6 шілдеге дейін жалғасады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget