Әлем чемпионын нокаутпен жеңген қазақстандық финалға шықты

Фото: Кадрлер видеодан

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында қазақстандық боксшы Наталья Богданова үндістандық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Богданова мен Санех арасындағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, екеу-ақ раундқа созылды. Екінші раундтың соңында қазақстандық боксшы қарсыласының басына жойқын соққы жасап, төреші нокдаун санағаннан кейін кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.

Еске салайық, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Богданова 2018 жылғы әлем чемпионы, Тайбэйлік Чэнь Няньциньді төрешілер шешімімен жеңіп шыққан еді.

Финалда Наталья Богданова Қытайдан келген боксшымен кездеседі. Ол жартылай финалда өзбекстандық Ойшу Тоировадан басым түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Natalya Bogdanova (@bogdanova__99)

Айта кетейік, Таиландтағы бұл беделді бокс турнирі 1 маусымда аяқталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget