Бокстан әлем чемпионы Оразбек Асылқұловты жартылай финалда жарыс жолынан шығарған Әділбек Қожахан Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Massaget.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында жас боксшы тәжірибелі Бейбарыс Жексенмен кездесті.
Алғашқы раундта төрешілердің басым бөлігі Бейбарыс Жексенге басымдық берді. Есеп – 4:1. Алайда кейінгі раундтарда Әділбек Қожахан жекпе-жек тізгінін қолға алып, кездесудің барысын өзгерте білді.
Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Әділбек Қожахан 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол Таразда өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында алғаш рет топ жарды.
Әділбек Қожахан 2007 жылы дүниеге келген. Қазақстан чемпионатындағы алтын медаль – әзірге оның спорттық мансабындағы ең ірі жетістігі.
Жас боксшы турнир барысында бірнеше тәжірибелі қарсыласын жеңді:
Әсіресе әлем чемпионы Оразбек Асылқұловты жеңуі Қазақстан чемпионатындағы басты сенсациялардың біріне айналды.