Еркін күрестен Қазақстан чемпионатының соңғы жарыс күнінде әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сынға түсіп, финалда жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.
97 келіге дейінгі салмақтың финалдық белдесуінде Ризабек Айтмұхан мен Әлішер Ерғали белдесті.
Аса тартысты кездесуде 14:10 есебімен тәжірибелі балуан Әлішер жеңіске жетті. Осылайша, Ризабек әлем чемпионатынан кейін қатысқан алғашқы ресми жарысында алтын медальға қол жеткізе алмады.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан - 92 келіге дейінгі салмақта 2023 жылғы әлем чемпионы. Ол аталған турнирден соң олимпиадалық салмақ - 97 келіге ауысқан еді.
Қазақстан чемпионы атанған балуандар Бішкекте өтетін лицензиялық турнирге қатысады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!