Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ХХ жазғы Азия ойындарында еркін күрестен Қазақстан командасының қоржынына тағы бір қола медаль түсті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Отандасымыз Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) қола медаль үшін белдесуде Үндістан өкілі Сагар Жагланды айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0.
Енді біраздан соң әйелдер күресінен Шұғыла Өмірбек (-53 кг) пен Нилуфар Раимова (-57 кг) қола жүлдеге таласады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз