Қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан салмақ дәрежесін ауыстырады. Ол бұл туралы YouTube желісіндегі QAZAQ RING арнасына берген сұхбатында айта кетті.
Бұған дейін Махмұд 54 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасып келген еді. Бірақ бұл салмақ Олимпиада бағдарламасында жоқ. Сондықтан да боксшы 57 килода жұдырықтасуды жоспарлауда.
Айта кетейік, 57 килода да қазақстандық тәжірибелі боксшылар бар. Соның бірі – Серік Теміржанов. Ол 2021 жылғы әлем чемпионаты мен 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері.
Махмұд Сабырханды жұдырықтасу стиліне қарай жанкүйерлер "қазақтан шыққан Ломаченко" деп те атайды. Отандасымыз жуырда ғана Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарды.
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Парижде өтеді.