WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 КО) Деонтей Уайлдерге (43-2-1, 42 КО) қарсы жекпе-жектердің бірінен кейін басына алған ауыр соққыдан кейін есте сақтау қабілетін жоғалта бастағанын мойындады, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Бұған дейін бәсекелестер үш рет кездесіп, әр кездесуде қарсыластардың бірі екіншісін нокдаунға жіберді.
"Миллиондаған фунт стерлинг табу үшін соққы алғаныма қарамастан, боксшы өзінің уақыты келгенін білуі керек, менің де уақытым жақындады. Бокстан кету өмірімдегі қиын шешімдердің бірі болуы мүмкін.
Барлығы тұмандағыдай болды, қорқып қалдым. Мен өмірімінің соңына дейін мүгедектер арбасында отырып, біреудің қолынан тамақтанғым келмейді. Уайлдермен болған жекпе-жектен кейін промоутерім Фрэнк Уорренге зейнеткерлікке шығуды жоспарлап жүргенімді айттым", - деді Фьюри talksport.com сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, 2022 жылы сәуірде Фьюри Диллиан Уайтты техникалық нокаутпен (28-3, 19 КО) жеңіп, кейін мансабын аяқтайтынын жариялаған еді. Кейін ұлыбританиялық спортшы ойын өзгертті, ал желтоқсанда Тайсон отандасы Дерек Чисораға (33-12, 23 КО) қарсы шыққысы келетінін айтты.
Фьюридің Уайлдермен трилогиясына келетін болсақ, бірінші жекпе-жек тең аяқталып, қалған екі жекпе-жегін ұлыбританиялық спортшы мерзімінен бұрын жеңді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!