Әлем чемпионы атанған қазаққа "Малибу" көлігі сыйға тартылды

Әлем чемпионы атанған қазаққа "Малибу" көлігі сыйға тартылды
Фото: qalampir.uz

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында 63,5 келі салмақта финалда Өзбекстан өкілі Руслан Абдуллаев моңғолиялық Чинзориг Батарсухты жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Әлеуметтік желіде Руслан Абдуллаевқа "Малибу" көлігі сыйға тартылған видео тарады. Айтуларынша, көлікті Абдуллаевқа Қибрай ауданындағы ауылдас кәсіпкер берген.

Руслан Абдуллаевтің ұлты қазақ. 2002 жылы Ташкент облысы, Қыбырай ауданы, "Қыпшақ" мақалласында дүниеге келген. Абдуллаев былтыр Омманда өткен Азия чемпионатында да жеңіске жеткен болатын. Ол Қазақстанда да жұдырықтасқан. Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанған. 

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Өзбекстан құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 2 қола, жалпы – 9 медальмен 1-орынға ие болды. Өзбекстан өкілдері әлем чемпионатынан жалпы сомасы 1 миллион 300 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан.

Т. Раушанұлы