12 шілдеде таңертең 2026 жылғы әлем чемпионаты плей-офф кезеңінің үшінші кезеңі аяқталды. Осылайша, жарты финалдың барлық жұбы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1/4 финалдың қорытындысы бойынша келесі кезеңге Франция, Испания, Англия және Аргентина жолдама алды.
Марокко, Бельгия, Норвегия және Швейцария құрамалары турнирмен қоштасты.
Жарты финал аяқталған соң, турнирдің шешуші кезеңі демалыс күндері өтеді. Үшінші орын үшін матч 19 шілдеде сағат 02:00-де, ал финал 20 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!