Танымал неміс футболшысы, 1990 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңіс голын соққан Андреас Бреме 63 жасында көз жұмды, - деп хабарлайды DPA интернет басылымы.
Футболшының неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Ол 1990 жылы Италияда өткен әлем чемпионатының финалында гол соғып, жанкүйерлер есінде қалды. Шешуші ойында футболшы Аргентина құрамасы қақпасына белгіленген пенальтиді сәтті орындады. Мұнымен қоса Андреас Бремер 1986 жылғы әлем чемпионатының, 1992 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. 86 ойынға қатысып, 8 гол соққан.
Клубтық деңгейде Бреме "Саарбрюккен", "Кайзерслаутерн", "Бавария" (бәрі де - Германия), "Интер" (Италия) және "Сарагоса" (Испания) командаларында ойнаған. 1990 жылы France Football журналының "Қола доп" иегері марапатына ие болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!