Әлем чемпионатының ашылу матчін қайдан көруге болады?

12 маусымға қараған түні Мексикада футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы матчі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мундиалдың ашылу ойынында дәл 16 жыл бұрынғыдай Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) құрамалары кездеседі. Ол кезде Йоханнесбургтегі кездесу тең есеппен аяқталған еді.

Алғашқы матчтің трансляциясы 11 маусымда Қазақстан уақытымен сағат 23:40-та басталады. Ойынды Qazaqstan телеарнасы мен сайты тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, алғашқы ысқырық шалынғанға дейін әлем чемпионатының ашылу салтанаты жоспарланған.

Биыл турнир алғаш рет 48 команданың қатысуымен өтеді. Олар 12 топқа бөлінген және ойындар үш елде, яғни АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

104 ойын 11 маусым мен 20 шілде аралығына жоспарланған. Топтық кезеңнің бірінші туры 18 маусымға дейін жалғасады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз