Әлем чемпионатының 1/8 финалында ойнайтын бес жұп анықталды

2 шілдеге қараған түні Бельгия, АҚШ және Англия әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Осылайша 1/4 финалға шығу үшін кездесетін қарсыластар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенегалды камбэк жасап ұтқан Бельгия құрамасы Боснияны жеңген АҚШ командасымен 1/8 финалда кездеседі. Қызыл қағаз алғандықтан америкалық үздік футболшы Фоларин Балоган ойынға қатыса алмайды.

Ал Англия құрамасы Харри Кейннің дублінің арқасында Конго ДР-ны жеңді. Енді олар Мексика құрамасына қарсы ойнайды.

Осылайша, әлем чемпионатының 1/8 финалында кездесетін бес жұп анықталды:

  • 4 шілде 22:00 - Канада - Марокко;
  • 5 шілде 02:00 - Парагвай - Франция;
  • 6 шілде 01:00 - Бразилия - Норвегия;
  • 6 шілде 05:00 - Англия - Мексика;
  • 7 шілде 05:00 - АҚШ - Бельгия.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!