- Негізгі бет
- Спорт
- Әлем чемпионатындағы қызық...
Әлем чемпионатындағы қызық жайт: Польша неге араб футболшыларының голына қуанды?
Аргентина мен Польша құрамалары әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үшінші турда Аргентина мен Польша өзара кім мықтыны анықтады. Ойынның 39-минутында аргентиналықтар пенальти орындауға мүмкіндік алды. Бірақ нүктеге келген Месси мүлт кетті.
Дегенмен екінші таймның басында Алексис МакАлисстер гол соғып, оңтүстікамерикалық құраманы алға шығарды. Ал 67-минутта Хулиан Альварес есепті еселеді. Осылайша, матч 2:0 есебімен Аргентинаның жеңісімен аяқталды.
Екінші матчте Мексика құрамасы Сауд Арабиясын 2:1 есебімен жеңді. Ол жақта екінші таймның басында Хенри Мартин көзге түсті. Ал 52-минутта Луис Чавес қанжығасын майлады. Мексикалықтарға топтан шығуы үшін тағы бір гол керек еді. Алайда ойынның соңында Салем әл-Даусари гол соғып, мексикалықтардың үмітін сөндірді.
Осы ойыннан кейін Аргентина құрамасы С тобында алты ұпай жинап, бірінші орын алды. Сауд Арабиясы 3 ұпаймен соңғы орында.
Ең қызығы, екінші орынға талас болды. Польша мен Мексика 4 ұпайдан жинады. Сол сәтте гол айырмашылығы бәрін шешті. Екі құрама да 2 голдан соққан. Бірақ поляктар 2, мексикалықтар 3 гол жіберген. Соның арқасында Польша келесі кезеңге шықты. Сондықтан матч соңында Сауд Арабиясы Мексикаға гол соққан кезде, басқа ойындағы поляктар қуанып, жолдаманы тойлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш